2017 жылдың 23– 26 қараша аралығында Астана қ. «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Астана қаласы Әкімінің ресми қолдауымен Қазақстандық Халықаралық көрмесі өтті.

2017 жылдың 23– 26 қараша аралығында Астана қ. «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Астана қаласы Әкімінің ресми қолдауымен Қазақстандық Халықаралық көрмесі  өтті.

Аталған көрмеге Петровка орта мектебінің ұжымы және 11 сыныптың  оқушылары қатысты.

     Көрменің мақсаты: білімнің барлық деңгейіндегі жетістіктерді, заманауи оқыту технологияларын, оқу жабдықтарын, жаңа оқу бағдарламаларын және жаңа буындағы оқу-әдістемелік кешендерді көрсету, жас мамандарға өз білімдерін іс

жүзінде қолдана білуге іс-қимылды көмек беру.

    Халықаралық танылымға ие болған көрме жұмысына Қазақстан, Ресей Федерациясы, Германия, Латвия, Малайзия, Қытай, Чехия, Швейцарияның,  т.б.  білім және ғылым ұйымдары мен мекемелері қатысты.

Көрме барысында 11 сынып оқушыларына  өз білімдерін сынап көру үшін, тест тапсыруға да жағдай жасалған.

 Қорыта келе, білім көрмесі тәлімгерлерге оқу орындарын салыстырып, таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Көрмеге

қатысып,  білім саласы бойынша жаңашыл технологиялар бойынша, әрбір университеттің мүмкіндіктері мен талаптары туралы ақпарат алдық.

Автор: Касенова Г.К.
Просмотров: 80
Дата создания: 28 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 28 Ноября 2017 г.